«Ана тіліне» шыққан президентіміздің Қ.М.Тоқаевтың сұхбатын толық оқып шықтым.Ең өзекті деген бірталай мәселені ашық талқыланылды. Өткен жылға қорытынды жасалып, жаңа жылдың бағыт-бағдары айқындалады. » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана тіліне» шыққан президентіміздің Қ.М.Тоқаевтың сұхбатын толық оқып шықтым.Ең өзекті деген бірталай мәселені ашық талқыланылды. Өткен жылға қорытынды жасалып, жаңа жылдың бағыт-бағдары айқындалады.
03
январь
2025

«Ана тіліне» шыққан президентіміздің Қ.М.Тоқаевтың сұхбатын толық оқып шықтым.Ең өзекті деген бірталай мәселені ашық талқыланылды. Өткен жылға қорытынды жасалып, жаңа жылдың бағыт-бағдары айқындалады.


Шын мәнінде, бұл сұхбат елге терең ой салып және биылғы жұмысымызға тың серпін беру үшін әрбір азаматқа үндеуі.
Соңғы бес жыл бойы жүргізілген реформалар –азаматтарымыздың негізгі сұранысы мен мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған мүддесіне негізделе отырып мұқият ойластырылған стратегия. Жай сөздер емес,оған куәміз. Еліміз үшін күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформаларды қолға алып, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қалап қойылды. Соған көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Келешекте бұдан да ауқымды жұмыс жасалу жоспарлуда. 
Былтырдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем беріле бастады. Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы көбейді. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген жаңа мектеп, балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынды.Біздің  Жамбыл облысымызда керемет,заманауи жаңа білім беру ордалар ашылып,халық өз ризашылығын білдіруде.
Бірлік басты байлығымыз.Былтырғы жылымыз оңай болған жоқ,бірақ ауызбіршіліктің арқасында тарихта болмаған апатынан аман шықтық. Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік.Президентіміз,еріктілердің жұмысын ерекше бағалап ескертті.
Кез келген қоғамда заң мен тәртіп үстем болуға тиіс. Онсыз қоғам да, мемлекет те ішкі және сыртқы сынақтарға төтеп бере алмайды. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі.Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады.Әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заң қабылданды. Бұл құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты, турасын айтқанда, масқара әрекеттердің тамырына балта шабу көзделген. Әйелдер мен балаларға қатысты қандай да бір зорлық-зомбылық жасағандарға жаза күшейтілді. Лудоманиямен күреске қатысты заң күшіне енді. Бұзақылық және вандализм жасаған, біреудің мүлкін қасақана бүлдірген адамдарға берілетін жаза қатайды. Мұның бәрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.Қазақ тілін білу сәнге айналды.
Соңғы кезде қазақ тілінің қолданылу аясы едәуір кеңейді.                                                                                                             Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтардың саны көбейді.. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор саналады.
Қасым- Жомарт Кемелұлы жастарға ерекше назар аударып,оларға сенім білдіріп былай деді: «Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын ­қалаймын.» Осы сөздерді өзіме,педагог ретінде  тікелей қабылдадым. Басты міндетіміз-сапалы білім мен тәрбие беру.Отанымыздың болашағы-білімді жастарда,ал олар-білімді ұстаздарда
.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив