
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Халықтар арасындағы достықты нығайту, достық қарым – қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Дос болайық бәріміз» атты 1 сыныптар арасында ашық сынып сағаты өтілді.

Сынып сағаты барысында оқушылар өз ана тілінде жыр шумақтарын оқып, достық жайлы әндер шырқады, түрлі ұлт өкілдерінің билерін биледі. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысты. Жауапты 1 сынып жетекшілері.

