12
февраль
2024
🔰ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясында «Шеберлер қаласы» қолда бар материалдардан бұйымдар жасау Табиғат - адам өміріндегі ең керекті қазына көзі.
Адам жаратылысынан бері табиғатта кездесетін нәрселердің бәрін ағаш, тас, құм, шөптер бәрін керегіне жарата білген. Табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оқушылардың ойлау, іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту, оқушыларды әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын арттыруға тәрбиелеу мақсатында «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясында «Шеберлер қаласы» қолда бар материалдардан бұйымдар жасау іс-шарасы өткізілді. «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Каюпова Маруся Садуакасовна 5 сынып оқушыларына қолда бар табиғи материалдармен қыздардың бейнесін жасауды үйретті. Жұмыс жасау барысында табиғи материалды тиімді қолданып оқушылар өз білімдерін кеңейтті.








