20
февраль
2024
🔰 2024 жылдың 20 ақпанында 8-11 сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмыстары кестесіне сәйкес жауапты мамандар тарапынан дәріс өткізілді.
Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы, Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Сухарев Андрей Викторович, ПБ 2-ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты А.К.Абдралиев оқушыларға жиын барысында есірткіге қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жайында сөз қозғады. Тәртіп сақшылары жас буынды әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, теріс әрекеттерге бармауға шақырды. Әрбір құқық бұзушылықты жасаған жан жазасыз қалмайтындығы, сондықтан заңға сай талаптарға бағынып, жарқын өмір сүру керектігі ұғындырылды. Жалпы іс-шара барысында «ғасыр дерті» саналған есірткіден аулақ жүру ескертіліп, түрлі өмірлік өнеге болатын ақыл-кеңестер айтылды.
Тәртіп сақшылары тарапынан есірткі заттарының адам өміріне кері әсері, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатыны ескертілді. Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың өзекті сауалдарына жауаптар берілді.
https://fb.watch/ql63daqN7c/https://fb.watch/ql63UDwIny/
