5 САБАҚ

Әлеуметтік желілер және интернет кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы

Сабақтың мақсаты: ата-аналарды балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен, әдістерімен таныстыру.

Міндеттері:

Ата-аналарды Интернеттің негізгі қауіптерімен, жоғары сынып оқушыларындағы «Интернетке тәуелділік» түсінігімен таныстыру.

Ата-аналарға жоғары сынып оқушыларының интернетке тәуелділігінің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар беру.

Ата-аналардың жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік желілердегі және интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын пысықтау.

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-аналық парыз, сыйластық, бақылау, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, жасампаздық, елгезектік, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.



