⚜️22 НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ⚜️22 НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ
20
март
2024

⚜️22 НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ


⚜️Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
⚜️Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған мереке. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. 
⚜️Ұлыс оң болсын! 
⚜️Ақ мол болсын! 
⚜️Ұлы мереке тек жақсылық әкелсін!
Ұлыстың ұлы мерекесіне орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мереке Қадыр атаның бата-тілегінен бастау алып, наурыз ханымның құттықтау шашуымен жалғасын тапты. Оқушылар «Көктем» биімен мерекені шуақты етіп, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 
⚜️Іс-шара барысында мектеп директоры Нуралиева Динара Хатамовна мектеп мақтаныштары атанған оқушылардың ата-аналарын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекеге қонақ болып келген ата-аналар мен қонақтар көктемгі көңіл-күймен іс-шараны тамашалап, алғыстарын білдірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив