
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған жердің көркеюіне үлес қосу- әрбір азаматтың борышы. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу - сауапты іс.

Сауапты істі жүзеге асыру, туған жерімізді көркейту, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу, мектеп ауласын жасыл желекке бөлеп, абаттандыру мақсатында "Жасыл мектеп" жобасы аясында "Жалынды жастар көктемі" жастар экологиялық акциясы 02.04.2024ж. күні "Жас Ұлан", «Өзін-өзі басқару» және "Адал ұрпақ" мүшелерімен эко-акция жүргізілді.

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан- ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.
https://www.facebook.com/100048235103559/videos/822419096579062/


