
«Тұрар Рысқұлов өмір жолы» презентация таныстырылым;

«Тұрар – мәңгілік тұлға» дөңгелек үстел;

«Тұрар Рысқұлов – алашты танытқан азамат» дәрістер топтамасы;

«Тұрар Рысқұловтың тарихқа қосқан үлесі» ашық сынып сағаттары;

«Тағылымға толы тұлға» пікір алмасу;

«Тұрар мұрасы» кітап көрмесі;

Мақсаты: Халқымыздың мақтан тұтар тұлғасының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету. Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік орын алу үшін, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы мағлұматтар мен зерттеулермен таныстырып, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып ақыл парасаттылыққа, әділдікке баулу.

Тұрар Рысқұлов өмір жолы – тарихи тұлға, қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтардың бірі. Іс-шаралар барысында ұлы қайраткердің тарихи рөлі, саяси қуғын-сүргін және оның тағдыры,
Тұрар Рысқұловтың мұрасы, елдің экономикалық саясатын қалыптастырудағы рөлі, Тұрар Рысқұловтың тұлғасын зерттеу, қазақ халқының тарихындағы орны, Тұрар Рысқұловтың күрескерлік бейнесі туралы оқушылар жан-жақты ақпараттар алып, өз ойлармен бөлісті.




