1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық ағашы» арт-инсталяциясы
Оқушылар мен мектеп ұжымының арасында алғыс айту мен ризашылық білдіру мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық ортада бір-біріне көмек көрсету, қолдау көрсету және оң қарым-қатынас орнату, адамдар арасында жақсы ниет пен позитивті атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ризашылық ағашы» арт-инсталяциясы ұйымдастырылды.
Ризашылық ағашына оқушылар мен ұстаздар өздерінің алғыс айтқысы келетін адамдарына немесе оқиғаларына арналған жылы сөздер жазып, бір-біріне жүрекше стикерлерге жақсы ниеттер мен жылы сезімдерін білдірді. Ризашылыққа толы жылы сөздер мен құттықтаулар оқушылар мен ұжымның бірлігі мен достығын нығайта түсті.