Ардагерлердің батырлығы мен ерліктерін еске алу, сондай-ақ олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өту, спорттық шаралар арқылы ардагерлердің ерлігін насихаттау, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын сақтау, физикалық белсенділікті арттыру, жас ұрпаққа патриоттық сезімді қалыптастыру, жастарға ел үшін қызмет ету мен батылдықтың маңыздылығын түсіндіру мақсатында15 ақпан - Ауған соғысы ардагерлер күніне орай Кеңес әскерінің Ауғанстан демократиялық республикасынан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған "Спорт-денсаулық кепілі" тақырыбында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараға Ауған соғысы ардагерлері Жамбыл облысының Интернационалист - жауынгерлер одағы ҚБ төрағасы Ізбасаров Керім Мақанбетұлы, орынбасары Төртбаев Марат Әсілбекұлы қатысып, командаларға ізгі тілектерін білдіріп, төрелік жасады. Жарыс 6-7 сыныптар арасында өткізілді. Жарыс нәтижесінде: