17
апрель
2025
2025 жылдың 16 сәуірінде жоспар негізінде Жер сілкінісі кезіндегі, өрт жағдайындағы іс-әрекет бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Сонымен қатар оқушыларға "Су тасқыны, сел кезінде не істеу керек?" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы екендігі айтылды.
Су тасқынына қалай дайындалу керек?, Апатқа ұшырағаныңыз туралы белгіні қалай берген жөн? тақырыптары талқыланып, мәліметтер берілді.

