23
апрель
2025
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
2024 жылғы Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде бекітілді.
Бұл күн Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайда айтқан бастамасы негізінде белгіленді. Президент өз сөзінде: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деп атап өтті.

Кітап – тек білімнің емес, рухани байлықтың, ұлттық мәдени құндылық. Ол – өткен мен болашақ арасындағы алтын көпір. Ұлт ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін кітап оқуға деген сүйіспеншілікті бала жастан қалыптастыру аса маңызды. Бұл күн – кітаптың қадірін арттырып, қоғамда оқу мәдениетін дәріптеуге арналған ерекше мүмкіндік боп қалары қақ.
#Оқуға құштар мектеп
#Балалар кітапханасы
#Ұлттық кітап күні






