
14 мамыр күні мектебімізде «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті.

Мектеп психологы мен медбикенің ұйымдастыруымен өткен бұл шара шылым шегудің зияны мен оның салдары туралы терең түсінік берді.

Балалар зиянды әдеттердің денсаулыққа, ой-санасына және болашағына тигізер кері әсері туралы нақты мысалдар арқылы ақпарат алды.

Жиналыс барысында сұрақ-жауап, пікірталас және видеоматериалдар көрсетілді.

Мақсатымыз – жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға ынталандыру.

Шылым – сән емес, дерт. Таңдау – сенікі! ұранымен жиналыс қорытындыланды.
