
Ғасырда емес, ғасырларда бір туатын, ел құрметіне бөленген адамдар болады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сондай адам. Халқына сыйлы, заманының дара туылған
перзенті!

Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту, Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіре отырып, білімдерін толықтыру мақсатында "Ғасырдың дара перзенті - Қонаев -111жаста" тақырыбында сынып сағаты өтті. 5 "Ә" сынып жетекшісі Э.Буканбаева



