
Қазақ поэзиясынң мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдыретін таныту. Ақын шығармаларының идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу мақсатында Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзия, сен менімен егіз бе едің?" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастрылды. Байқауға бастауыш, орта, жоғары буын оқушыларынан 35 оқушы қатысты. Ақын туындыларын нақышына келтіре оқыған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Дайындаған: Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері: М.М.Сметова, Г.Жуасбаева.






