"АРДАГЕР ҰСТАЗДАР — АСЫЛ ЖАНДАР" Ақ жүрекпен сезіп "Ұстаз бақытын",
Мектеп ұжымы жүрек жылуын, мейірім шуағын сыйлаған ардагер ұстаздарды төл мерекемен құттықтап қайтты. Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет". Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген. Біз асыл жандар — ардагер ұстаздарымызды сыйлаймыз, құрметтейміз, мақтан тұтамыз. Атқарған еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.