05
декабрь
2022
💐💐💐
2022 жылдың 12 қараша күні мектебіміздің ұлағатты ұстазы Серикбаева Рахат Қарабаевна мерейлі 60 жасқа толуына орай мектеп әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы мен мұғалімдер бір ауыздан мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып,жылы лебіздерін білдірді! Рахат Қарабаевна өзінің үздіксіз ұстаздық жолында лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп, іскерлігімен, кәсіби шеберлігімен, ұстазға тән тұлғалы мінезімен танымал болған тәжірибелі маман. №34 орта мектебінде талай жақсы істердің ұйытқысы болып, шәкірттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына үлкен еңбек сіңірген құрметті де ұлағатты ұстаз, әр баланың өмірден өз орнын табуына үлес қосып,ақыл-кеңес беріп, ұстаздық жолында аянбай төккен тері үшін Рахат Карабаевнаға мың алғыс айта отырып,әлі де шәкірттеріңіздің ықыласына бөленіп, ұл-қыздарыңыздың, немерелеріңіздің қызығын молынан көріп , алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып өркендей беруіне, отбасына шаттық пен зор денсаулық, ұзақ ғұмырмен қатар ырыс пен ынтымақ ,бақ- береке тілеп,ыстық ықылас ниеттерін білдірді.
Ізгі ниетпен : №34 орта мектеп ұжымы


