Білім алушыларды қорытынды аттестаттау » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
22
октябрь
2017

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.
Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.
 

Пәндер
Емтихан формасы
Уақыты
міндетті
1
Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі)
Жазбаша —эссе
3 сағат

2
Алгебра және анализ бастамалары
Жазбаша емтихан
5 сағат

3
Қазақстан тарихы
Ауызша (билетпен)
 

4
Қазақ тілі (орыс сыныптарда)
Орыс тілі (қазақ сыныптарда)
Тестілеу
80 минут
таңдау
5
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика
Тестілеу
80 минут
Емтихандар жайлы қысқаша:
1.  Ана тілі мен әдебиеті - 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
2. Алгебра және талдау бастамалары - 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
3. Қазақстан тарихы - Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
4. Қазақ тілі (орыс сыныптарда) және орыс тілі (қазақ сыныптарда) - 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:
Лексика-грамматикалық - 20 тест тапсырмасы;
Тыңдалым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
Оқылым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).
Таңдау бойынша 1 пәннен - Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).
Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Xnqujq
4 марта 2024 14:17
buy atorvastatin 10mg pill <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 10mg</a> lipitor 40mg usa