


Өскелең ұрпақтың бойына еліміздің ата-салтын, адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, үлгі-өнеге алуға баулу. әжелер мектебі арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету, ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін дамыту мақсатында «Дәстүрге жол» жобасының төрайымы Нұрбаева Гүлфайруз ханым және топтағы әжелермен «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында әжелер даналығымен кездесу кеші өткізілді.
Кеш барысында қыз балаларды әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер туралы ұлттық құндылықтарымызға дәріптелген тәрбиелік мәні ұғымдарға әжелер кеңінен түсінік берді. Әжелерге арналған оқушылардың шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды.

