Балаға берілер ең үлкен тәрбие – әкенің өнегесі.
Тараз қаласы №34 орта мектебінде 2025 жылдың 12 желтоқсанында «Ұлттың үлгісі – әке тәрбиесі» тақырыбында әкелер жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың тұлғалық қалыптасуында әкенің маңызды рөлін айқындау, отбасындағы әке тәрбиесінің мәнін түсіндіру және ата-аналар мен мектеп арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту болды. Іс-шара барысында әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып, тәрбиелік мәселелерді бірлесе шешудің тиімді жолдары талқыланды. Жиналыс ата-аналар мен