
21 мамыр күні мектебімізде 1–6 сынып оқушыларының ата-аналарымен балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында тақырыптық кездесу өткізілді.
Кездесуде:

Ашық терезенің балалар үшін қаншалықты қауіпті екені,

Үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым қауіпсіздік шаралары,

Ата-ананың жауапкершілігі мен қырағылығы туралы айтылды.

Негізгі кеңестер:

Терезеге қорғаныш тор орнатыңыз;

Балаға терезе маңында ойнауға рұқсат бермеңіз;

Үйде терезе ашық кезде баланы жалғыз қалдырмаңыз.

Бала қауіпсіздігі – отбасының басты міндеті!
Қарапайым сақтық – үлкен қауіптің алдын алады.
