
Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдаудың аяқталуына 12 күн қалды.

Бұл процесс ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мектептер құжаттарды қағаз түрінде де қабылдайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

ата-ананың өтініші;

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.