10 тамыз Абай күні » СШ №34
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"№34 орта мектебі"
отдела образования города Тараз
Приемная
+7(7262) 54-63-34
Версия для
слабовидящих
10
август
2022

10 тамыз Абай күні

Бүгін – Абай күні! 
Баршаңызды елімізде ресми түрде үшінші рет аталып өтіп отырған Абай күнімен құттықтаймын! Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың шоқтығы, биік ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай бекітілген бұл мереке – ұлт руханиятына деген үлкен құрмет.
Ғасыр өтсе де, ғұлама ғалым, ұлы ақынның ғибратты ғұмыры мен өнегелі шығармашылығы барша жаһан жұртына үлгі-өнеге болып отыр. Абай мұрасы – халқымыздың баға жетпес рухани азығы.
Ұлт әдебиетіне сүбелі үлес қосып, өлшеусіз мұра қалдырған хәкім Абай өмірінің соңына дейін жастарды білім мен ғылымға баулу жолында барын салды.
Ұлы Абайдың Қара сөздері - әр адамның оқып, өмірінде пайдалануына ұсынылған өнеге құралы.
Абай өлеңдерінің сөзіне жазылған “Желсіз түнде жарық ай”, “Көзімнің қарасы” әндері “әу” деген қазақтың жүрегінен көркем сөзімен де, әсем әуенімен де лайықты орынға ие болған.
Абайдан қалған әрбір нақыл сөздің бала тәрбиесіне, оның тұлға болып қалыптасуына көмегі зор. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген ұлағатты сөзінің мәні де тереңде. 
Ендігі кезекте ешқашан құндылығын жоғалтпайтын Ұлы ойшылдың өнегесі мен өшпес мұрасын дәріптеу, оны білім мекемелерінде  оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану, “Толық адам” тұжырымдамасын іске асыру - болашақ ұрпағымыздың тәрбиесіне қосқан үлкен үлесіміз болары сөзсіз. 
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғаса берсін!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив