Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат, яғни еліміздің болашағы өздері екенін ұғындыру, өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында 2-3 сынып оқушылары аралығында «Бейбітшілік - ел тілегі» атты мәнерлеп өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 10 оқушы қатысты. Оқушылар белсене қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапатталды.