
1-4 сынып ата-аналарына арналған кезекті 3 сабақ

"Әрбір бала – жарық жұлдыз"

Ұлттық мәдениет дәстүріне сүйене отырып ерік қасиеттер мен мінезді тәрбиелеу.

Темпераменттің оқу қызметіне, мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсері.

Баланың темпераментіне сәйкес оның ерекшелігін қалай ашуға болады.

Әр баланың ерекшелігін ашуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты:
Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.

Міндеттер:

Ата-аналардың өз баласының ерекше жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру.

Ата-аналардың балалар темпераментінің түрлері мен оларға сәйкес мінез-құлықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Ата-аналарды мектеп педагогтерімен бірге баланың жеке басының күшті жақтарын анықтауға және дамытуға үйрету.
Ұйымдастырған: ДТІЖО Колдасова Л.С.
Психолог: Джумасеитова А.К.





