
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.

Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар.

Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі ұйымдастырылды.

Міндеттері:

білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;

білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту;

челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту;

еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
https://www.facebook.com/100048235103559/videos/1581886749331784/






