🔰"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" ақпараттық сессия
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" профилактикасы 6-9 сыныптар арасында өткізілді. Тақырып бойынша білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кибербуллинг туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, білім алушыларға қандай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы айтып ескертілді.