25
октябрь
2024
Құрметті Отандастар, 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні!
Бұл ерекше күнде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл күн – біз үшін үлкен мәнге ие.Тарихымызға көз жүгіртсек, ер жүрек батырларымыз бен ұлыларымыздың еңбегі арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Тарихымызда ерлік пен батылдықтың, әділеттілік пен теңдіктің символы ретінде мәңгі сақталатын күн. Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуі үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Біздің мемлекетіміздің басты байлығы – оның халқы. Еліміздің болашағы – жас ұрпақта. Біз оларға білім мен тәрбие беріп, патриоттық рухты қалыптастыруымыз қажет. Отанымызды сүю, оған қызмет ету – біздің басты міндетіміз. Бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыра отырып, еліміздің мәртебесін жоғары көтерейік. Әр азаматтың жүрегінде Отанға деген шексіз махаббат, береке мен бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің әр азаматының армандары мен үміттері жүзеге ассын! Сегодня мы с гордостью отмечаем достижения Казахстана в политической и экономической сферах, а также его успехи на мировой арене.
В этот особенный день желаем процветания и благополучия нашей Родине – Республике Казахстан, пусть единство, мир и согласие народа будут вечной прочной опорой нашей государственности. Жасай бер, Қазақстан!



