02
октябрь
2024
🔰1 Қазан – Халықаралық қарттар күні
«Ардагерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясы


Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың!?

Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 1 қазан –Халықаралық Қарттар күніне арналған «Ардагерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясына мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары белсене атсалысты.
Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын!

