
«Білгір биолог» зияткерлік ойынының мақсаты – оқушылардың биология саласындағы білімін тексеру, олардың ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

Зияткерлік ойын 4 кезең, «Жас биологтар», «Флора», «Фауна» командалары бойынша ұйымдастырылды:

Сайыс кезеңдері:

«Сәлемдесу»

«Тапқырлар сайысы» сұрақ-жауап - оқушылар биологияның әртүрлі салаларынан қойылған сұрақтарға жауап береді.

«Ғажайып ұяшықтар» - Бұл кезеңде қатысушыларға нақты объектілерді немесе суреттерді танып, олардың биологиялық ерекшеліктерін сипаттау қажет.

«Капитандар сайысы» - команда капитандары экранда көрсетілген видеоны қарап, жылдам, әрі тез жаап беру керек.

Сайыс барысында оқушылар өте жақсы белсенділік танытып, білімдерін тереңірек көрсете білді.
«Жас биологтар» тобы 1 орын, «Флора» тобы 2 орын, «Фауна» тобы 3 орын иеленіп, арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырған пән мұғалімдері: Төлепбергенова Д.
Ауғанбаева Н.
https://www.facebook.com/100048235103559/videos/1285945189396493/




