Қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен өшпес із қалдырған ақындарымыздың бірі, ғалым, әдеби сыншы әрі аудармашы, қоғам қайраткері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына байланысты мектебімізде «Қадыр Мырзалиев – табиғат суретшісі» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты – оқушыларға ақын шығармашылығын таныту, табиғатты жырлаған өлеңдерін сезіне білуге баулу, поэзияның мәні мен мағынасын түсіндіру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбиенің қайнар көзі – ақынның нақыл сөздері мен жырларын таныстыру.

Ақын Әнұранымыздың авторларының бірі болғандықтан әдеби кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Әрі қарай ақынның өмірі, шығармашылығы, жыр жинақтары таныстырылды. "Табиғатты жырлаған ақын" айдарында оқушылар өздері жаттаған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 4Б сынып оқушылары Сардарова Алина мен Иминова Гульноза Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Жездеке» әнін орындаса, 6А сынып оқушылары «Атамекен» әнін хормен орындады және 6А сынып оқушысы Совет Нұрболат «Өз Елім» әнін жеке орындады. Сондай-ақ 9-сынып оқушылары ақын өмірінен көрініс беретін «Туған жер - тұғырым» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті.
Ұйымдастырған: Б.Т.Муханова
https://www.facebook.com/share/v/1ASLtkU6Sg/