
Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, білімнің ел болашағы үшін маңызды екенін ұғындыру және жастарды елдің дамуына өз білімдері мен қабілеттері арқылы үлес қосуға ынталандыру мақсатында «Білімім - Отаныма» тақырыбында республикалық бірыңғай ашық сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық берілді.

Дәстүр бойынша мұғалім сынып сағатында жазғы демалыс кезінде оқу үшін кітаптар, қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынды.

Патриотизм, Отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылды.

Сондай-ақ, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі туралы айтылды.

«Білімім – Отаным» республикалық сынып сағаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде эссе байқауының үздік жұмыстары қорытыдыланды.
