
Қош бол, мектеп, алтын ұям, асылым,

Сенен алдым өмірімнің бас үнін.

Түлектер боп тараймыз біз әр жаққа,

Сенен алған білім — мәңгі азығым.

Мектеп бітіруші салтанатты шарасына арналған іс-шарада оқушыларды туған еліне, Отанына, алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына сүйіспеншіліктерін арттырумен бірге жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған жастардың бойында отансүйгіштік, түлектердің білім ордасына, ұстаздарына және ата-аналарына алғысын білдіру арқылы рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау және жауапкершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні;

Құттықтау сөздер (мектеп директоры, қонақтар,ұстаздар, ата-аналар)

1 сынып оқушыларының «Жыр арнаулары»;

Түлектердің алғыс сөзі мен арнау өлеңдері;

Түлектердің мектеппен қоштасу вальсі;

Символикалық қоңырау соғу рәсімі.

Құрметті түлектер!

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз.

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Сәт-сапар, жас түлек! Армандарыңа қанат бітсін!
https://www.facebook.com/share/v/15Xsjw1KDt/
