03
июнь
2025
«БІР ЫРҒАҚ – БІР ЖҮРЕК» спорттық флешмоб
«Бір ырғақ – бір жүрек» спорттық флешмоб — бұл бірдей музыка мен қозғалысқа негізделген топтық дене шынықтыру мен спорттық іс-шара.






Флешмобтың негізгі мақсаты – балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлік пен ынтымақтастықты нығайту болды.
Аталмыш флешмобтың ерекшелігі – барлық қатысушылар бір музыка мен бір ырғаққа сәйкес қозғалып, үйлесімділік пен ортақ мақсатты көрсетуі. Мұндай әрекеттер арқылы әр қатысушы өз жүрегінің бір ырғақта соғатынын, яғни бірлік пен татулықтың маңыздылығын сезінеді.
Флешмоб барысында әр отряд өзіне тән қимыл-қозғалыстарымен ырғақты жаттығулар жасап, ортақ музыкалық сүйемелдеумен бірдей орындаулар көрсетті.
https://www.facebook.com/share/v/1Ay1LUmiFV/