
Коммунальное государственное учреждение №34 орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 желтоқсанында «Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс Тараз қаласының №34, 21, 27 және 29 орта мектептері арасында достық кездесу сипатында болды.

Ойын алаңында «Школыде ұялы телефондарға рұқсат беру керек», «Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады», «Работотехника, олардың кемшілігі барма?», «Шет елде оқу – өз елінің білімін бағаламау», «Ақысыз білім алу бұл құқық», «ЕНТ қажет емес...» сияқты қарарлар бойынша білім алушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Алаңға төреші болып №41 көп салалы гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Ромашева Лаура Ырзабековна мен №1 гимназиясының тарих пәнінің оқытушысы Қыздарбеков Әділбек Бақбергенұлы келді.
Турнирдің нәтижесі бойынша Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің «Ақиқат» фракциясы жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломмен, №34 орта мектебінің «Зерде» фракциясы ІІ дәрежелі дипломмен, №21 орта мектебінің «Мағжан ұландары» ІІІ дәрежелі дипломмен және де ең жас фракция «Ұшқыр ой» Алғыс хатпен марапатталды.

Пікірсайыста мектеп кітапханашы Калиева Анар Есентаевнаның ұйымдастыруымен қойылған «Менің мамандығым» көрмесін білім алушылар тамашалады.
Педагог-профориентатор Аяулым Тулебаева