
Қазақ халқы қандай қиыншылық заманда да ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиелей білген. Ата-бабамыз ұрпағына тамаша дәстүр, ұлағатты ұлы сөздер айтып, олардың адами қасиеттеріне әсер ететін даналық қағидалар қалдырған.

Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, кішпейілдікке, қарапайымдылыққа, сыпайылыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу мақсатында 9 «Б», «В», «Г» сыныптарында «Ұл – ұятымен, қыз – қылығымен ардақты» тақырыбында ашық форматта дөңгелек үстел өткізілді. Сынып жетекшілер: Ибрагимова Я.А. Мусаева Ф.Г. Магазова А.Б.



