Материалы за Май 2025 года » СШ №34
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№34 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-63-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу  жұмысын күшейтуге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында 19-23 мамыр аралығында  «Балаңыз кіммен дос?» тақырыбында ата-аналармен ақпараттық-танымдық сағаттар өтті.
27
май
2025
 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу 
Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  Ата-аналар: – баланың дос таңдауының маңызын; – отбасындағы сенімді қарым-қатынастың рөлін; – баламен ашық сөйлесудің тиімді жолдарын талқылады.  Ашық диалог форматында өткен кездесулер барысында тәжірибе алмасу, пікір бөлісу орын алды.  Басты қорытынды: Бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп бірлесе әрекет еткенде ғана оң нәтиже береді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жоспары аясында 15 мамыр күні  әлеуметтік педагогтің ұйымдастыруымен құқықтық, әлеуметтік және педагогикалық жаднамалар таратылды.
27
май
2025
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жоспары
 Бұл іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізілді.  Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар берілді;  Жаднамалар жастардың өз әрекетіне сын көзбен қарап, дұрыс шешім қабылдай білуіне бағытталды;  Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Ағымдағы жылдың 20 мамырында бастауыш сынып оқушыларына "Заң және тәртіп" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
27
май
2025
Ағымдағы жылдың 20 мамырында бастауыш сынып оқушыларына "Заң және
 Ұйымдастырушы: бастауыш сынып мұғалімі Э.А. Арипова Бүгінгі сынып сағатында оқушылармен бірге қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы туралы ой бөлістік. Сабақ барысында балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы біліп, тәртіпті болудың адам өміріндегі рөлі жайында мағлұмат алды.  Заң — әділеттіліктің негізі  Тәртіп — мәдениетті тұлғаның көрінісі  Құқықтық білім — болашаққа сенімді қадам  Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бала үні – болашақтың үні
27
май
2025
Бала үні – болашақтың үні
Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды. Бүгінгі күнді біз «Балалар үні» деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына құлақ түрдік. Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Балаларымыздың
 «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында ағымдағы жылдың 21 мамырында тәлімгердің ұйымдастыруымен «Менің хоббиім» –  атты шығармашылық көрме өткізілді.
27
май
2025
 «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында ағымдағы жылдың 21
 Оқушылар өздерінің сүйікті хоббиі мен шығармашылық талпыныстарын көрсетті, өнерлерін ортаға салды.  Көрменің мақсаты – салауатты ойын мен бос уақытты тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. #Біртұтас_тәрбие
 Ағымдағы жылдың 08 мамырында «Буллингтен қорған!» жобасы шеңберінде 5-7 сынып оқушыларына арналған дәріс-әңгіме мен тренинг өткізілді.
27
май
2025
 Ағымдағы жылдың 08 мамырында «Буллингтен қорған!» жобасы шеңберінде
 Әлеуметтік педагог пен педагог-психолог балаларға буллингтің түрлері мен оның зияны туралы айтты, өздерін қорғау жолдарын түсіндірді.  Оқушылар сенім мен өзара құрметке негізделген қатынастарды дамытуға бағытталған жаттығуларға қатысты.  Бұл іс-шара мектепте қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.  Бірге буллингке қарсы тұрайық! ұранымен іс-шара аяталды. #Біртұтас_тәрбие
 «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 2025 жылдың 20 мамырында  7-8 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
27
май
2025
 «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында 2025 жылдың 20 мамырында  7-8 сынып
 Дебат тақырыбы: «Қоғам бала үшін қауіпсіз бе?»  Оқушылар екі топқа бөлініп, қоғамның балалар үшін қаншалықты қауіпсіз екенін өз көзқарастарына сүйене отырып қорғады.  Бір топ – қоғамда балаларды қорғайтын заңдар мен мүмкіндіктер бар екенін айтты.  Екінші топ – қауіптер әлі де көп, бала құқықтары жиі бұзылады деген пікірді ұстанды.  Дебат қызықты өтті, әр оқушы өз ойымен бөлісіп, дәлел келтіріп, қарсы тараптың уәжіне жауап беруге тырысты.  "Бала – қоғамның болашағы. Оған қауіпсіз орта қажет"
 «No Smoking Day» – Шылым шегуге қарсымыз!
27
май
2025
 «No Smoking Day» – Шылым шегуге қарсымыз!
 14 мамыр күні мектебімізде «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында 8-11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті.  Мектеп психологы мен медбикенің ұйымдастыруымен өткен бұл шара шылым шегудің зияны мен оның салдары туралы терең түсінік берді.  Балалар зиянды әдеттердің денсаулыққа, ой-санасына және болашағына тигізер кері әсері туралы нақты мысалдар арқылы ақпарат алды.  Жиналыс барысында  сұрақ-жауап, пікірталас және видеоматериалдар көрсетілді.  Мақсатымыз – жастардың бойында
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында кезекті игі іс-шара өтті!
27
май
2025
 "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында кезекті игі іс-шара өтті!
 22-23 мамыр күні мектебімізде "Қаланың келбетін сақтайық!" атты сенбілік ұйымдастырылып, оған 1-11 сынып оқушылары ат салысты.  Оқушылар мектеп аумағын, сынып бөлмелерін тазалап, өз үлестерін қосты.  Бұл тек тазалық жұмысы ғана емес — қоғамдық ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі болды! Біз бірге — таза, әдемі орта қалыптастыра аламыз! #Біртұтас_тәрбие
 Ағымдағы жылдың 05 мамырында мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларына арналған бейнефильмдер көрсетілімі өтті.
27
май
2025
 Ағымдағы жылдың 05 мамырында мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз
Балаларға интернеттегі қауіптер мен олардан қорғану жолдары туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат ұсынылды.  Бейнефильмдер арқылы оқушылар:  Қауіпсіз интернетті қалай қолдану керек?  Құпия сөзді қалай құру қажет?  Бейтаныс адамдармен онлайнда сөйлесу қаншалықты қауіпті?  Кибербуллингтен қалай қорғану керек? – деген маңызды сұрақтарға жауап алды. #Біртұтас_тәрбие