
22-23 мамыр күні мектебімізде "Қаланың келбетін сақтайық!" атты сенбілік ұйымдастырылып, оған 1-11 сынып оқушылары ат салысты.

Оқушылар мектеп аумағын, сынып бөлмелерін тазалап, өз үлестерін қосты.

Бұл тек тазалық жұмысы ғана емес — қоғамдық ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі болды!
Біз бірге — таза, әдемі орта қалыптастыра аламыз!
