Кездесу мектеп оқушыларымен!
Жамбыл облысы әкімдігінің «Діни проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушысы Атамкулов Батырбек Керимбаевич 01.12.2025 жылы №34 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Тақырыбы: «Қазақстан – зайырлы мемлекет: Ар-ождан бостандығы» Қатысқан оқушылар саны: 58 оқушы Кездесу барысында балалар еліміздегі зайырлылық, ар-ождан бостандығы және толеранттылық жайлы мағлұмат алды. Мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлілік пен өзара сыйластықты насихаттау.