

Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз! | 
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу, ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызыжайлы терең мағлұмат беру мақсатында 4 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Әскеріміз - айбынымыз» атты әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды.

Кеш ҚР Гимнімен ашылды. Кеш барысында оқушылар «Біз Отанның ұланымыз», «Катюша», «Батыр Бауыржан», «Смуглянка», «И все о этой весне», «Солнечный круг», «Егемен елім» әндерінен хорлар шырқалып, Отан туралы поэзия жанрынан жырлар оқылды. Жауапты: 4 сынып жетекшілері.






