07
май
2022
🎗️🎗️🎗️7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Қазағым менің – ұлы елім» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 6 – сынып оқушылары ардақты азаматтарға арнайы концерттік бағдарламамен мерекелік көңіл-күй ұсынды. Мерекелік іс-шара мектеп кәсіподағының және ару ұстаздарымыздың арнайы құттықтауымен жалғасын тапты. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Сіздерді 7 мамыр - «Отан қорғаушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
