19
май
2023
«ТУҒАН МЕКТЕПКЕ ТАҒЗЫМ»
Елімізге түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында мектебіміздің түлектерімен әр ай сайын кездесулер ұйымдастырылып келеді. Мамыр айында мектебіміздің 1992 жылғы түлегі, өзінің өнегелі өмір жолымен білім беру саласында үлкен жетістікке жеткен педагог-шебер Гребенюк Татьяна Николаевна мектеп білім алушыларымен бөлісті. Татьяна Николаевна оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеу керектігін айта кетіп, жетістікке жетудің жолдарына тоқталып өтті. Аталған кездесуге 33 білім алушы қатысып, Татьяна Николаевнаның өміріне, жетістіктеріне байланысты сұрақтарын қойып, қызығушылық білдірді.
