02
декабрь
2024
🔰 "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары
2024 жылдың 29 қарашасында «Құмар ойындарға қатысу мен оның қаржылық салдары» тақырыбы бойынша 2-ПБ қызметкерлері тарапынан дәріс өткізілді. Құмар ойындар – бұл адамдардың ақшасын немесе басқа да құнды заттарын бәске тігіп, кездейсоқтық немесе дағдыға байланысты жеңіске жету немесе ұтылу мақсатында қатысатын ойын түрлері екендігі айтылды. Бұл дәрісте біз құмар ойындардың қаржылық салдарларын, оның адам өміріндегі әсерін, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктен сақтану жолдары қарастырылды.
