02
декабрь
2024
🔰 2024 жылдың қазан айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
1.«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында «Ақпараттық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында әлеуметтік педагог А.И.Абдухамедов тарапыннан 7 сынып оқушыларына баяндама оқылды. Баяндама барысында қауіпсіздік — бұл ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар мен тәсілдердің жиынтығы екендігі айтылды. Заманауи әлемде ақпарат — өте бағалы ресурс болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік тек мемлекеттік органдар мен ірі компаниялар үшін ғана емес, жеке тұлғалар үшін де аса маңызды екендігі айтылды.
2.«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында мектеп парламентінің мүшелері тарапынан тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың сақталуын қамтамасыз ету, вандализмге жол бермеу, анықтау мақсатында рейд жұмыстарын ұйымдастырылды. Мектепке жақын аумақта ешқандай бүлінген нысандар анықталған жоқ.
3. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында "Алкогольді ішімдік – бұл қасірет" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларына ЖОПД маманы Б.А.Таштемиров тарапынан дәріс өткізілді.
4. «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында «Тәрбиелі жастар-қауіпсіз қоғам» тақырыбында әңгіме-дәріс өткізілді. Қатысушылар 7-8-сынып оқушылары. Тақырып бойынша полиция қызметкерлері мен мектептің әлеуметтік педагогы дәріс өткізді. Жастардың дұрыс тәрбие алуымен ғана елімізде қауіпсіз қоғам орнап, халықтың тыныштығы мен тұрақтылығы қамтамасыз ете алатындығымыз жөнінде айтылды.
5. «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Мейірімді болуды үйрен» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға дұрыс әрекет ету, қоғамды, достарыңды сыйлау мәселелері қаралды.
6. «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізіліп оқушыларға тың ақпараттар берілді.
7. «Ұшқыр ой алаңы» жобсы аясында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар белсенділік таныта отырып тақырыбып бойынша өз ойларын жеткізуге тырысты.





