14
февраль
2025
"Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы аясында 12-14 ақпан аралығында «Вандализм – мәдениетсіздіктің көрінісі» тақырыбында мектепішілік шығармалар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың қоғамдағы өзекті мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру, мәдени құндылықтарды құрметтеуге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шараға мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар вандализмнің зияны, оның себептері мен алдын алу жолдары туралы ой қозғап, өздерінің шығармашылық жұмыстарында қоғамға үндеу жасады. Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалар анықталып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
ДҚТІЖО З.Ә.Умбетбаева мұндай іс-шаралардың оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыруға және қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
