02
декабрь
2024
🔰 2024 жылдың қыркүйек айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
1. «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында дебат өткізілді. Қатысушылар: 6 сынып
Дебат оқушыларға ақпараттық технологиялардың әсерін тереңірек түсінуге, өз пікірлерін дәлелдеп, қарсы пікірлерді тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл дебаттың негізгі мақсаты — ғаламтордың өмірімізге ықпалы туралы екі түрлі көзқарас пен дәлелдер арқылы пікірталас жүргізу болды.
2.«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында
Мәдени ескерткіштерді қирату, бүлдірудің зияны туралы мектепішілік әңгіме өткізу. Топтық талқылауды ұйымдастырылды.
3. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында «Есірткі- жан түршігерлік жау, арамза және аяусыз»
«Есірткі заттарын қолданудың алдын алу» тақырыбында
8-9 сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді.
Есірткі — бұл ағзамызға, ақыл-ойымызға және өмірімізге зиян келтіретін ауыр жау. Біз әрқашан есірткіге қарсы тұрып, өзімізді, жанұямызды және қоғамымызды қорғауға міндеттіміз. Есірткі заттарын қолданудың алдын алу үшін ақпаратты толық білу, дұрыс шешімдер қабылдау және өзіміздің өмірімізге деген жауапкершілікті арттыру маңызды екендігін ЖОПДО маманы Б.А.Таштемирова жеткізді.
4. «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында Қылмыстық кодекстің зорлық-зомбылыққа, есірткі құралдарын таратуға және т.б. байланысты негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында мектеп инспекторы, мобилдік топ мүшелері тарапынан оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар: 8-11 сынып
Тақырып бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңнаманың қазіргі талаптарын түсіндіруге, сонымен қатар құқық бұзушылықтарды болдырмау және олармен күресу шараларын талқылауға мүмкіндік береді.
5. «Буллингтен қорған!» жобасы аясында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға дұрыс әрекет ету, қоғамды, достарыңды сыйлау мәселелері қаралды.
6. «Ойынға салауатты көзқарас» жобасы аясында Лудомания туралы бейнефильмдерді көру, топтық талқылауды ұйымдастыру, салауатты әдеттерді дамыту, уақыт пен эмоцияларды басқару, балама қызығушылықтар мен хоббиді дамыту бойынша мектепішілік
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар: 8-11 сынып
7. «Ұшқыр ой алаңы» жобсы аясында
«Жасөспірімдер әлемі қауіпсіз бе?» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар белсенділік таныта отырып тақырыбып бойынша өз ойларын жеткізуге тырысты.





