17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр «Қазағымның қазынасы - домбыра» домбыра-пати
Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб Наурыз мерекесі қарсаңында «Мәдениет және ұлттық салт дәстүр» күніне орай «Қазағымның қазынасы-домбыра» домбыра пати іс-шарасы өткізілді. Ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып "Ерке сылқым", "Адай", «Сал күрең», «Балбырауын» сияқты танымал күйлердің және басқа да көптеген халық күйлерін орындаған балалар мен ұстаздар көрермендерге керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.. Домбыра патидің көрермендері мен қатысушылары мұндай іс-шара қазақ халқының мәдени мұрасы ұмытылмағанының белгісі екенін атап өтті.