
Бағзы заманда «Аттың жалы - түйенің қомында» көшпелі тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған.
Ата - бабаларымыз әрбір киімді адам денесін құбылмалы ауа райынан қорғайтындай берік те төзімді етіп тіккен. Ең маңыздысы, сонау жылдардың өзінде қазақ халқы өзінің ұлттық киімдерінің кереметтігімен көрші халықтарды таңдандырып отырған.

«Еңбек – елдің мұраты» жобасы бойынша қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту; эстетикалық тәрбие беру; қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында пән мұғалімдерінің шеберлігімен қолөнер бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.