
Көрісу күні – елді береке мен бірлікке бастайтын мереке. Наурыз қарсаңында бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіру ежелден қалыптасқан дәстүр.

14-наурыз Көрісу күні қарсаңында «Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге» ақ бауырсақ мерекесі атап өтілді.

Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрісу мәдениетінің маңызын көрсету және құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық нақышта киінген оқушылар таңертеңнен бір-бірімен төс қағыстырып амандасып, баршаны жылулықпен, күлімсіреп, көктемгі көңіл-күймен қарсы алды. Ұлттық тағам-бауырсақтан дәм татып, бір-бірлеріне ізгі тілектерін арнады.

Ұстаздар оқушыларға алғыстарын айтып, оқушылар тарапынан ұстаздар қауымына шын жүректен алғыстар, тілектер айтылып, мәре-сәре болды.

Ренжіскен жандар табысып, барлық жамандық атаулы ұмытылатын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерейлене бет бұратын бұл күннің шын мәнінде шапағаты мол. Өйткені Амал - мейірім, сауап, береке мен бауыр-малдықтың, ауызбіршіліктің мейрамы.
https://www.facebook.com/share/v/1615B9Ron5/
https://www.facebook.com/share/v/158r75Rfe5/
