
Білім алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімін арттыру, патриоттық сезімін ояту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 6 сынып оқушыларымен «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» викториналық ойын ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) туралы білімдерін тексеру және тереңдету;

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың мән-мағынасын түсінуге үйрету;

Отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімді дамытуға, ел тарихына деген қызығушылықты оятуға ықпал ету;

Топпен жұмыс істеу, ынтымақтастықты дамыту, тез ойлау және жауапкершілік дағдыларын жетілдіру.
Ұйымдастырған: тәлімгер Л.Е.Суванбаева
https://www.facebook.com/share/v/15DPSqVyB2/
https://www.facebook.com/share/v/1ALWd2Uy7c/


